×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ақтауда алаңға жиналғандар орталық жолды жапты

03.01.2022, 08:56
Фото: Lada.kz

Ақтауда алаңаға жиналған жастар орталық жолды жапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, алдымен халық «Ынтымақ» алаңына жиналды.

Осыдан кейін бір топ жас орталық жолға қарай бет алған. Олар Жаңаөзендегі наразылық шеруін жалғастырып, автокөлік газының бағасын төмендетуді талап етіп таңға дейін тұрды. 

Куәгерлердің айтуынша, Жаңаөзенде интернетпен байланыс нашар.

Еске сала кетейік, Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қала тұрғындары ең төменгі жалақы мөлшерін ескере отырып, газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендетуді cұрап орталық алаңға митингке шықты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында газ бағасының өсуімен келіспейтіндіктерін білдірген наразылық шеруін растап отыр.

«Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды мәселені құқықтық бағытта, сындарлы қоғамдық диалог арқылы шешуге шақырды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға қоғамдық тәртіпті бұзу – азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, тәртіпті сақтау қажеттігін түсіндірді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары