×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Алматыдағы митинг: полиция көлігі өртенді

05.01.2022, 02:04
Фото: скриншот

Шерушілер Алматы көшелеріне де шықты. Шеруге қатысқандар Абай даңғылымен Республика алаңына қарай жылжыды. Наразы топтың тағы бір тобы Төле би көшесімен қала орталығына қарай бет алған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, мыңдаған шеруші тәртіп сақтамай, шу шығарып жатыр. Әкімдік ғимараты қоршауға алынған. Қалада байланыс та нашарлап кеткен. Ұялы байланыс операторлары мұндай шара лаңкестікке қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен қабылданғанын айтты.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде полиция көлігінің өртенген видеосы тарады. Дереккөздер бір полиция қызметкері жараланғанын жазуда.

Серіктес жаңалықтары