×
491.71
529.97
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.71
529.97
5.05

Азат Перуашев: Несиесін жаба алмағандар құл болуы керек пе?

14.01.2022, 10:19
Азат Перуашев: Несиесін жаба алмағандар құл болуы керек пе?
Фото: ашық дереккөз

Елімізде несиенің ставкасын түсіру және «Банкроттық» туралы заң қабылдануы керек. Бұл туралы  «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Азат Перуашев Youtube арнасындағы Qasqa Jol бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Банктер мен микронесие ұйымдары пайыздық ставкасы өте жоғары. Мен шетелдік инвестордан Қазақстаннан шығарылатын тауарларды неге алмайтындары туралы  сұрадым. Ол «Біз алуға дайынбыз. Мысалы, бір компанияға тапсырыс беріп көрдік. Екі айдан кейін ол банкке желініп жатқанын айтты. Өндірісті 15-18%-ға ұйымдастыра алмаймын. Мұндай пайызбен шетелден дайын тауар алып келіп сатуға ғана болады» деді. Ал өндіріс жасау үшін несие 5-6% ставкалық қана болуы керек», - дейді Азат Перуашев.

Оның айтуынша, 2007 жылдан бастап дүние жүзілік дағдарыс болғаннан кейін миллиондаған азамат алған несиелерін қайтаруға мүмкіндігі болмады.

«Жамбылдағы жарылыстан қаза болғандардың несиеті кешірілетіні туралы шешім қабылдаған. ТЖМ-ның қаза тапқан бір қызметкерінің басында 15 несиесі бар екені анықталды. Бұл тіпті жұмысы бар адамдардың несие жабуға мүмкіндігі жоқтығын көрсетеді. Сол себепті несиенің ставкасын түсіру және «Банкроттық» туралы заң қабылдауымыз керек. Мұндай көп несиесі барлар несиелерін өмір бойы жаба алмайды, сонда көп несиесі барлар құл болуы керек пе? «Банкроттық» туралы заң қабылданса, несиелерін жабуға шамасы жоқ адам өзін банкрот деп жариялауы керек. Біз оларды қарыз берген ұйымдардан қорғауымыз керек», - дейді ол.

Ол «банкрот» болудың механизміне тоқталды.

«Мысалы, бұл адамның жалғыз үйі болса – сол үйді тартып алуға болмайды. Ол адамды қалай бала-шағасымен қосып далада қалдыруға болады? Бұл – дұрыс емес. Мұндай әрекеттерге шектеу қою керек. Біз 2013 жылдан бері осыған қатысты заң жобасын дайындап жібергенбіз. Сол кезде несие берушілер жалғыз баспанасы болса да алып қалу керектігін айтты. Несие берушілердің көзқарасы мен мүддесі халықтың көзқарасы мен мүддесіне қарсы болып шықты. Біз «Қарыз қайтара алмасаң да бала-шағаңмен далада қалмайсың» деген кепілдік беруіміз керек. Несиесін төлемеген дам не үшін төлей алмағанын дәлелдеуі керек. Осы ұсынысымызды Үкімет екі рет те қарамады, енді ол заң жобасын қайта жаңартып, келесі аптада Парламентке жібереміз. Қарды министрі өз нұсқасын, депутаттар өз нұсқасын дайындап жатқан сияқты. Енді ортақ шешім шығаруымыз керек. Алаңға шыққан адамдар арасында лаңкестер де болды және дәл осылай алаңға шығуға мәжбүр болған адамдар да болды», - дейді ол.