×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы болды

15.01.2022, 14:43
Фото: ашық дереккөзден

Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының (ҚӘҚ) төрағасы болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қор келесі міндеттерді орындайтын болады:

 - Қазақстан Республикасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;

- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;

- халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;

- Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету. Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылатын болады.

Қордың Қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқына» бірауыздан ҚӘҚ төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады.

Серіктес жаңалықтары