×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бала емізіп отырған ананың басына оқ тиген – Алматыдағы тағы бір қайғылы оқиға

15.01.2022, 16:53
Фото: Ашық дереккөзден

Оқиға 5 қаңтарда тіркелген. Бүркітбаевтар отбасының басынан өткен қайғылы оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтарда қызуы көтеріліп мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды. Назарбаев- Сәтпаев көшелерінің қиылысы, сағат кешкі шамамен  18.00 дейді рульде болған Сұлтан. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы», - деп жазады журналист.

Есеңгіреген Сұлтан сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барған. Олар түсінбей, абдырап , бірінші кезекте жедел жәрдем шақырған, бірақ келмеді. Жарын өздігінен  4-ші ауруханаға апарғанда, «оқ басын тесіп ми ішінде қалды, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін» айтқан.

«Содан бері 10 күн өтті. Марқұм Жанарды Жамбыл облысына апарып жерлеп қайтты. Бұл өлімнен  ресми билік, балалар омбудсмені хабарсыз. Отбасына көңіл айтып келген ешкім жоқ. Кеше отағасының шақыруымен үйлеріне мен бардым. 4 баланың үлкені 7-де, 4-те, 2-де, кішісі енді еңбектеп жүр. Қала шетіндегі жалдамалы времянка. Сұлтан құжатпен жүгіріп жүр, Нұрым емшектен шығып ешкінің сүтіне көшуде, қыз бақшадан қалды, ертең мектеп… жағдай қиын», - дейді ол.

Осы айдың балаларға арналған 76 мың теңге жәрдемақысын Сұлтан ала алмапты. Бүгін ХҚО барған. Ал халық банк «6 айдан соң аласыз» деп жауап берген.

Осылай деген журналист әлеуметтік желіде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиді белгілеп, отбасына көмек сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары