×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Кәсіпкерлер палатасы кедейлікпен күресу жөнінде бағдарлама ұсынбақ

18.01.2022, 20:15
Фото: скриншот

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Фейсбукке шыққан тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Өздеріңіз куә болған қаңтар айының басындағы оқиғалар, соның ішінде экономикалық, саяси мәселелерді айтып шеруге шыққан азаматардың мәселелері артта қалып жатыр. Көп сарапшы «Былай жасау керек» деп айтады. Ал көшеге кім шықты? Көшеге жұмыссыз жүргендер, табысын жеткізе алмай жүргендер, мойнында несиесі барлар, биліктен түсінік таппай қиналып жүргендер шықты. Осы мәселенің бәрін қалай шешеміз? Мемлекет басшысы күзге дейін саяси реформалар дайындалатынын айтты. Біз оның алғашқы қадамын көріп отырмыз. Алда болатын бір сайлаумен барлық мәселе шешіле ме?», - деді Мырзахметов.

Оның айтуынша, статистика қуып, басты проблемаларды ұмыт қалдырдық.

«Негізгі мәселе, Президент айтып кеткендей, біз цифрлармен көп ойнап кеттік. Оның бәрі статистикамен ойнау. Түптеп келгенде 3-4 млн-ға жуық азаматтарымыз, әсіресе ауылдан шыққан азаматтарда жұмыс жоқ, табыс көзі жоқ, өзін-өзі асырай алмайды, өз кәсібін бастай алмайды. Кедейшілік осыдан шығады. Кедей адам көшеге де шығады. Мәселе осында. Бізге керек реформаларды Президент айтты, бірақ ол бірден болмайды. Біздің қазіргі негізгі мақсатымыз – халықтың табысын арттыру», - дейд ол.

Палата басшылығы қорға жиналған ақша уақытша дүние екенін айтады. Көшеге шыққан жастарды нақты кәсіпке баулу керек.

«Халыққа байлардан алып бөліп беру керек» деген әңгіме бар. Қор құрылды, Президент өзінің төрелігін айтты. Қаражат жиналып жатыр, ол халықтың мұң-мұқтажына жетеді, бірақ біз миллиондаған адамды сол қор арқылы ғана асырай аламыз ба? Ол адамдарға нақты жұмыс тауып беріп, кәсіпке баулуымыз керек. Кеше көшеге шыққан жастардың бәрі колледжді бітірген. Қолдарынжа дипломдары бар, бірақ ешбір өндіріспен қарым-қатынасы жоқ, базарда жүр немесе таксист болып жүр. «Атамекен» осы мәселемен айналысады»,- дейді.

Ал мұны іске асыруға ауылдағы қалталы адамдарды тартуды көзделген. Тіпт, олармен қандай да бір келлісім болса керек. Өйткені Мырзахметов мойнына жауапкершілік алатынын айты.

«Атамекеннің» бұл туралы нақты жоспары, нақты жобасы бар. «Бастау» сияқты нақты бағдарламасы бар. «Атамекен» елге тірек болуға, нақты көмектесуге дайын деп жауапкершілікпен айта аламын. Ауылда қалталы азаматтар бар, олар да жауапкершілік сезінеді. Осы бағдарламаларды қолға алсақ олар да өз ауылы, өз ауданына көмек беріп, азаматтарын кәсіпке баулиды. Бұл – құр сөз емес, 5 жыл емес, осы көктемде бастауға дайынбыз. «Атамекенді» осы мақсатта жұмылдыру керек», - дейді ол.

Спикер кедейлікпен күресте Қытайды мысалға келтірді.

«Цифрлық жүйе арқылы әр отбасыға жетуге болады. Әр отбасыға шағын кәсіп ашып беруге болады. Қытай 250 миллион адамды кедейліктен шығарды. Соның 60 миллионы Alibaba және басқа да интернет желісі арқылы табысқа жетіп отыр. Біз де соған қол жеткізе аламыз. Осы мәселені ұмытпайық. Қалталылар, кәсіпкерлер осындай қиын кезде елге тіреу болуын «Атамекен» ұйымдастыруы керек»,- деп түйіндеді ойын.

Еске салайық, бүгін Кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы Фейсбукте тікелей эфирге шығып ел-жұрт тарапынан туындаған сын-пікірлергне жауап берді.

Серіктес жаңалықтары