×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматы облысында жасөспірімді басынан таспен ұрып өлтірді

21.01.2022, 17:34
Алматы облысында жасөспірімді басынан таспен ұрып өлтірді
Фото: ашық дереккөз

7 қаңтарда зорлық-зомбылықтан қаза болған 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер күдіктінің ізін таба алды. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.

«Марқұм жасөспірім оның жақын танысы болып, қонаққа келген. Екеуі мас күйінде дүкеннен қайтып келе жатқанда, жанжал туындап, ол марқұмның басынан таспен ұрған. одан кейін жауапкершіліктен қорқып, тығылып қалған», - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзіміне күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.