×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Қандай адам екенін білемін» – БЦК басшысының бұрынғы әйелі Алматыдағы атыс жайлы

23.09.2021, 15:31
Коллаж: ulysmedia.kz.

Банк ЦентрКредит басшысы Ғалым Құсайыновтың бұрынғы әйелі Альмира Кальменова Facebook парақшасында Алматыдағы бес адамның өліміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ғалым Құсайыновтың өзі де рейдерлік схемамен мүлікті тартып алатын адам. Құсайыновтың өзі бұрынғы әйелі таратқан ақпаратқа қатысты позициясын жариялады, деп хабарлайды деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ЗЕЙНЕТТЕГІ ӘКЕ-ШЕШЕМНІҢ МҮЛКІНЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

«Атыстың салдарынан қаншама бала әкесіз қалды. Марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өмірден өтіп кеткен адамдар қайтып келмейді, ал қалған мәселенің бәрін реттеуге болады. Әлем қатігездік пен арсыздыққа толы. Адамдардың тағдырынан материалдық құндылықтарды қалайша артық қоюға болады. Бұл – банкке қойылатын сұрақ», - дейді Альмира Кальменова Facebook парақшасындағы жазбада.

Альмира Кальменова Ғалым Құсайыновты бизнесте ғана емес, отбасында да мүлікті рейдерлік түрде тартып алатын адам ретінде білетінін айтады.

«Бүгін ол менің анама негізсіз әрі жалған талап қойып, зейнеткер әке-шешемнің мүлкіне иелік етуге тыйым салды. Осындай арам әрі жымысқы әрекетімен ол пәтер бойынша менімен мүлік мәселесін шешпек. Кезінде пәтерді бірге тұрған кезде алған едік. Сол үйде оның кіп-кішкентай екі баласы өмір сүріп жатыр. Әрбір сот процесінде оның адвокаты өз жауабын өзгертіп, жалған талапты дәлелдейтіндей айғақ әкелмейді», - дейді ол 22 қыркүйекте жариялаған постында.

Айта кетерлігі, бұған дейін де Альмира Калменова Facebook парақшасында бұрынғы күйеуімен соттасып жатқанын жазып, Құсайыновтың алимент төлеуден бас тартқанын хабарлаған еді.

ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ?

Бұған жауап ретінде Ғалым Құсайыновтың өзі бүгін әлеуметтік желі арқылы айыптауға қарсы жауап жазды. Оның айтуынша, Кальменова атысқа байланысты шуды пайдаланып, жалған ақпарат таратып жатыр.

«Мен бірге өткізген өміріміздің егжей-тегжейіне тоқталмайын. Бұл жеке «аумақ». Бірақ мен Кальменованың мәлімдемелеріне жауап беруге мәжбүрмін, өйткені олар көпшілікке мәлім болды әрі біздің балаларға зиянын тигізуі мүмкін. Біз 2015 жылдың шілдесінен 2020 жылдың сәуіріне дейін бірге тұрдық. Адамдар ажырасады - бұл болатын жағдай. Бұл өмір. Біз қол жеткізген, заңды түрде бекітілген келісім бойынша мен алимент төлеймін. Бұл балаларымның лайықты өмір сүруі үшін жеткілікті үлкен сома және тиісті келісімдер бар. Мені «әке ретінде оларды қиын жағдайда өмір сүруге мәжбүрледі деп айыптау» кем дегенде адамгершілікке жатпайды. Мен балаларымды жақсы көремін және олар үшін қажет нәрсені жасаймын», - дейді ол.

Ғалым Құсайынов сондай-ақ, қазір балалармен қарым-қатынас жасау тәртібі айқындалып жатқанын айтады.

«Менің бұрынғы әйелім оны сенімді адамдарының қатысуымен өткізуді талап етеді. Мұны мен әке ретінде қабылдамаймын әрі қорлау деп есептеймін. «Рейдерлік мүлікті басып алу» туралы мәлімдемеге келер болсақ, бұл мүлік анасының атына тіркелген, бірақ оны мен төлегенмін. Мүлікті бейбіт түрде бөліп ала алмадық. Мен жалдамалы пәтерде тұрамын, ал некеде сатып алынған тұрғын үй бұрынғы қайыненеме тиесілі», - дейді ол.

Құсайынов бұрынғы әйелі мен балаларын далаға қалдыруды мүлде ойламайтынын айтады.

«Кальменова менен пәтерді нарықтық бағадан жоғары бағаға сатып алуды ұсынады. Мүлікті бөлген кезде осындай талап қойып отыр. Формальды түрде бірлесе тапқан мүлкіміз – көлік қана. Оған мен таласқан емеспін. Қалай дегенмен мәселенің бәрі құқықтық деңгейде шешіледі», - дейді ол.

Ғалым Құсайынов осы оқиғаны біржақты таратқан БАҚ өкілдеріне заң барын ескертті.

«Бір жақты береді екенсіздер, екінші жақты да ескеру керек еді. Оның үстіне Кальменова таратқан ақпаратта шындыққа сай келмейтін мәлімет көп. Бұл да құқықтық алаңда атқаруға тұрарлық іс және ол іс міндетті түрде жүргізіледі», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары