×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар ұсталды

01.02.2022, 14:28
Фото: ашық дереккөзден

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е.Кизбаев пен Ж.Өмірбаеваны ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және ҚР басқа өңірлерінде «Елімай 2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ҚМА Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді, тергеу жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 11а мекен-жайы бойынша немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары