×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Таразда жылу электр орталығының жұмысшылары наразылыққа шықты

27.01.2023, 08:11
фото: дереккөзден

«Таразэнергоорталығы» мекемесінің жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Алматы” телеарнасының мәліметінше, аталған мекеме ғимаратының алдына ондаған адам жиналып, наразылығын білдірді.

Басты талап – жалақыны кем дегенде 30 пайызға көтеру. Қызметкерлердің айтуынша, қазір олар 100-120 мың теңге ғана алады. Бірақ ол күнкөріске жеткіліксіз.

«Барлығымыз 120 мың теңге айлық алып отырмыз. Соған 10% қостық дейді. Күнкөріс қазір қиындап кетті ғой, 120 мың теңгемен кім өмір сүре алады?» – деді «Таразэнергоорталығының» қызметкері Жомарт Жұмабеков.

«Менің айлығым – 128 мың теңге. Өзге компанияның слесары 230 мың айлық алады.  Менің айлығым бала-шағаны бағуға жетпейді, 6 балам бар», – деді «Таразэнергоорталығының» қызметкері Жұмағали Оразалиев.

Ал мекеме басшылары биыл жалақының мөлшері 10 пайыз өскенін айтып, жұмысшыларды сабыр сақтауға шақырды. Қызметкерлердің өтінгеніндей айлықты 30 пайыз көтеруге мүмкіндік жоқ, себебі жалақы мөлшері тариф құнына тәуелді көрінеді.  

«Жалақыны 10 пайыз көтердік, қанағаттанбай, бірден 30 пайыз көтеруді сұрап жатыр. Өтінім берілген соң мәселе қаралуы керек. Жұмысшылар наразылық танытты екен деп жалақыны көтере салмайды. Оның бәрі тарифке байланысты. Антимонополиялық комитет тарифті қымбаттатуға мүмкіндік бермейді. Ұсынысты әлі қарастырамыз», – деді  «Таразэнергоорталығы» бас инженерінің орынбасары Мақсат Сәрсенбаев.

Айта кетсек, жуырда Ақсайдағы KKC-Sicim мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыны 50 пайызға көтеруді талап еткен.

Серіктес жаңалықтары