×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

БҚО мұнайшыларының ереуілі төртінші күні де жалғасты

19.01.2023, 10:46
Фото: Скриншот

Ақсайдағы KKC-Sicim мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілді жалғастыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұмысқа әлі шықпаған мұнайшылардың бір ғана талабы бар – жалақыны 50% көтеру. (Қазір олардың орташа жалақысы – 250 000 теңге).

Жұмысшылардың айтуынша, олардың қазіргі табысына отбасын асырау мүмкін емес, өйткені азық-түлік бағасы шарықтап барады.

Ереуілшілер компания басшылығы олардың талабын орындағанша жұмысқа оралмайтындарын жеткізді.  Кеше олар Президент Тоқаевқа жүгініп, мәселелерін шешіп беруді өтінген.

Серіктес жаңалықтары