×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 33 мыңнан асты

13.02.2023, 08:09
rg.ru

Түркия мен Сирияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінен бері бір апта өтсе де, үйінділер астынан әлі де адамдар аман табылып жатыр. Мәселен, кеше Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакья қаласында ғимарат құлағаннан кейін 122 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан екі жасар қызды алып шықты. Сондықтан жақындарын іздестіруді тоқтатпаған жергілікті халықтың үміті сөнбек емес.

Құтқару жұмыстарына қазақстандық мамандар да белсене атсалысуда. ТЖМ мәліметінше, Қазақстан құтқарушылары бүгінге дейін 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Сондай-ақ, олар қайтыс болған 39 адамның, оның ішінде 2 баланың денесі үйінді астынан шығарды.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты 8 адам қамауға алынды. Олар – зілзала кезінде қираған ғимараттар құрылысына жауаптылар.

Серіктес жаңалықтары