×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

3 күнде 156 қылмыс: Елімізде кибершабуылдар күрт жиіледі

13.02.2023, 13:26
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Үш күн ішінде 156 қылмыс ашылды. Оның ішінде қылмыстық кодекстің «ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», «авторлық құқықтарды бұзу», «порнографияны тарату», «арнайы техникалық құралдарды тарату» баптары бойынша істер бар. Сондай-ақ ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған 13 ұрлық қылысы анықталды. Интернет саласында 283 алаяқтық қылмысы тіркелді», - министрлік өкілі брифингте.

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмысы бойынша күдікке ілінген 20 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Аталған адам Instagram-да жалған аккаунтын ашып, жәбірленушілерге банктегі несиелерді төмен пайызбен қайта қаржыландырамын деп алдаған. Қазіргі уақытта күдіктінің 5 интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар екені анықталды.

«Сонымен қатар, операция кезінде 154 лицензияланбаған диск пен флэш-диск тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлер үш тыңшылық жасауға арналған үш құрылғыны тәркіледі», - деді ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары