×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Петропавлдағы оқиға: Жарақаттанған балаларға алғашқы көмек көрсеткен фельдшер жазаланбақ

16.02.2023, 09:34
фото: ашық дереккөзден

Петропавлда мектепке балта және пышақ әкелген жасөспірімнің шабуылынан зардап шеккен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдемнің фельдшері жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні сағат 7:55-те «103» пультіне Н.Назарбаев көшесіндегі №4 мектептен шақырту түскен. Телефон шалған адам балалардың басынан жарақат алғанын хабарлаған. Жедел жәрдем бригадасы 4 минутта жетіп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті. Көмек сапалы көрсетілген.

Бірақ жедел медициналық көмек бригадасының аға фельдшері оқиға орнына жетісімен ережеге сай шара қолданбаған.

«Ережеге сай зардап шеккендер саны 3 не одан да көп болса, бірінші болып жеткен жедел-медициналық көмек бригадасы алдымен сұрыптаудан өткізіп, одан кейін ауысымның кезекші дәрігеріне жарақат алғандардың саны туралы ақпарат беруі керек. Аға фельдшер мұның бірін істемеген, қосымша жедел жәрдем қызметін шақырмаған. Зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы аралықта диспетчерлік қызметпен байланыс болмаған. Жарақат алған балалардың саны жөнінде шақырту аяқталғаннан кейін ғана белгілі болды. Зардап шеккендер өте ауыр жарақат алған жағдайда фельдшердің белгілі стандарттарды қолданбауы олардың халін қиындата түсер еді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Әзірге зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен фельдшерге тәртіптік шара қолданылған жоқ. Бұл оқиға емдеу-бақылау комиссиясының отырысында талқыға түсіп, қорытынды жасалып, шешім қабылданбақ.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханада жатыр. 

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген. 

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлизан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.

Ал оқушыларды жарақаттаған жасөспірім 2 айға қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары