×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қос азаматтықпен жүрген ресейлік үш әйел ұсталды

22.02.2023, 14:32
фото: ашық дереккөзден

Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды – Сұрыптау әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері қала әуежайында профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде, ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесе отырып, 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтап, ұстады.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, тексеру кезінде ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бар екендігі анықталды. Көлік полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен РФ-ның азаматшалары әрқайсына 429 мың теңгеге жуық сома көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, – деді М.Айтуғанов.

Серіктес жаңалықтары