×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Тауға апарып көмеміз»: Алматыда ер адамды көліктің жүксалғышына салып ұрлап әкеткен

01.03.2023, 13:22
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Алматы полицейлері адам ұрлау қылмысының жолын кесті. Оқиға кеше кешкісін қаланың Алмалы ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ЖБО жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түсті. Қала бойынша арнайы “Перехват” жоспары енгізілді. Аталған көлік Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаева мен Жетісу көшелерінің қиылысында жауып тастады. Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, ол аталған көліктің иесі екендігі белгілі болды. Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады”, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеев.

Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі оларды ірі көлемдегі ақшаға алдап кеткен. Осылайша олар қарызды қайтарып алмақ болған көрінеді.

Ал жәбірленуші күдіктілердің сөзін жоққа шығарып отыр. 

Серіктес жаңалықтары