×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматы мен Атырауда 150-ге жуық шетелдік заңсыз жұмыс істеп келген

06.03.2023, 13:18
almaty.tv

Елімізде бір апта ішінде шетелдіктердің заңсыз еңбек етуіне қатысты 2 741 дерек анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

Оның айтуынша, пайда табу үшін жұмыс берушілер арнайы рұқсат құжаттарын алмай, шетелдіктердің заңсыз еңбегін пайдаланады, осылайша өз азаматтарымызды еңбек ету мүмкіндігінен айырады.

«Елімізде  471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Мысалы, Алматы және Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді», - деді Ш.Тұрлыбек.

Алматы мен Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында бірнеше рет заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұдан бұрын  514 шетелдікке Қазақстанға келуге 5 жылға дейін тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары