×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Төрт мыңға жуық қытайлық Қазақстанға жұмыс істеуге келді

30.09.2021, 10:46
фото: Ашық дереккөзден

16 мыңнан астам шетелдік азамат елімізде еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 16 114 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жатыр, дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 663 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 279 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 754 адам және 651 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 914 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 853 адам тартылған.

Қазір елімізде ШЖК пайдаланатын 1 790 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 494 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 837 адам, Түркия – 1 965 адам, Өзбекстан – 1 949 адам, Үндістан – 1 024 адам, Ұлыбритания – 949 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын Қазақстанға шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Серіктес жаңалықтары