×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Өскеменде жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылуы: тергеу аяқталды

31.05.2023, 16:08
видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында әжетханада жасөспірімді соққыға жыққан оқушыға қатысты қылмыстық  іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиғаға кәмелетке толмаған жеті баланың қатысы бар. Тәртіп сақшылары тергеу барысында олардың барлығынан жауап алды.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары аяқталды. Прокуратура тергеудің барлық материалдарын зерделеп шықты. Іс сотқа жолданды», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, соттың алғашқы отырысы 5 мамыр күні өтеді.

Айта кетейік, наурызда желіде Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарластарын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы тарады. Құқыққорғаушы Дина Таңсәрі соққыға жығылған жасөспірім жайлы тың деректерді жариялады. Көп ұзамай бұзақылық жасаған қыздардың бірінің анасы қызметінен кетті.

ШҚО полиция департаменті бұған дейін аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2- бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Сондай-ақ, жуырда соққыға жығылған қыз қайтадан ауруханаға түскені белгілі болды.

 

Серіктес жаңалықтары