×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Төтенше жағдайлар министрі оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады

31.08.2023, 09:47
gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство басшысы мәлім еткендей, ТЖМ қашанда халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді.

Ол өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілетініне тоқталды.

«Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет», - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, ертең ел мектептерінде жаңа оқу жылы басталады.

Серіктес жаңалықтары