×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда ұсталған урбанистика басқармасының басшысына қатысты тың дерек шықты

18.10.2023, 13:38
gov.kz

Антикор Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство шенеунікке қатысты бұлтартпау шарасы өзгермегенін, тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, Ахметжановтың ұсталғаны 19 шілдеде белгілі болған.

Оған жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Мәселен, ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі үшін 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен. Нәтижесінде мемлекетке 307 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді.

“Бұдан басқа, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып (инвестициялық жобаларды іске асыру түрімен), мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал етті. Шығын 180 млн теңгені құрады”, – деп мәлімдеді Антикор.

Серіктес жаңалықтары