×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Отандық рекорд: «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі үш күнде 107 млн теңге кассалық кіріс түсірген

18.10.2023, 16:32

Қазірдің өзінде бұл отандық фильмдер ішінде рекорд екені айтылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тикетон сайтында 2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдердің кассалық түсімі жарияланған.

Бірінші орында “Міржақып. Оян, Қазақ” фильмі тұр. Екінші орынға да отандық комедия жайғасқан.

Еске салайық, бұдан бұрын әлеуметтік желіде қазақстандықтар ел кинотеатрларында "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі тоқтатылғанына наразылық білдіріп, туындыны прокаттан алу туралы тапсырманы кім беруі мүмкін екенін болжаған.

"Жаңа ғана прокаттан "Міржақып. Оян, қазақ " фильмі алынғанын білдім! Естігеніме сенбей, барлық онлайн кассаларды тексердім – расында да, жоқ екен. Мен мұндай бұйрықтардың тамыры ең жоғары кабинеттерден шыққанына сенімдімін. Тек қайсысынан екенін нақты айта алмаймын", - деді Алматы тұрғыны.

Желідегі шудан кейін «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімі тағы бір аптаға ұзартылды.

Фильм көрерменге 21 қыркүйекте жол тартқан болатын. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы ұсынған фильмнің сериал нұсқасы бұған дейін көпшілік көрерменнің ықыласына бөленген. Туындыда Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабын жазу, басу, тарату кезі, түрмеге қамалған тұста басына түскен қиын сәттері, қызы Гүлнардың әкесін ақтау жолындағы күресі көрсетіледі. Басты рөлді актер Бақыт Қажыбаев сомдайды.

Ұлт тарихы, Алаш тақырыбында мұндай туындылар сирек жарыққа шығады. Фильм шыққалы оны әлі келгенше жарнамалап, туындыны көруге үндегендердің көптігінен тарихты түгендеуде жалпы жұрттың ынтасы зор, мүддесі ортақ екенін аңғарамыз. Жуырда Ulysmedia.kz тілшісі режиссері әрі осы туынды сценариінің авторларының бірі Мұрат Есжанмен сұхбаттасқан болатын.

Серіктес жаңалықтары