×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Экспорт пошлинасын алмаса, енді күнбағыс екпейміз»: Сауда министрлігі шаруалардың уәжіне жауап берді

19.10.2023, 10:15
«Экспорт пошлинасын алмаса, енді күнбағыс екпейміз»: Сауда министрлігі шаруалардың уәжіне жауап берді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев бұған дейін Астанаға келіп, экспорт пошлинасына байланысты баспасөз мәслихатын өткізген шаруалардың уәжіне жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы баспасөз клубында фермерлер жиналып, күнбағыс дақылын шығаруға салынған экспорттық пошлинаны алып тастауды талап еткен еді. Олардың айтуынша, биыл ақпаннан бастап енгізілген осы салықтың салдарынан күнбағыс өсірудің өзі мүлде пайдасыз бизнеске айналған. «Не салықты алып тастаңыздар, әйтпегенде күнбағыс егуді біржолата қоямыз» дейді олар.

Бүгін шаруалардың осы мәселесі жөнінде Ulysmedia.kz порталы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа сұрақ қойып, фермерлер мен май зауыттарының иесі арасындағы келіспеушілікке не дейтінін сұраған. 

– Үкімет ішіндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы. Күнбағысты шығаруға экспорт бажын алып тастау немесе оны төмендету ісінің бастаушысы – Ауыл шаруашылығы министрлігі. Дегенмен, осы бажды қойғаннан бері Қазақстанның май экспорты күрт өсті. Қазақстандағы негізгі мәселе – өндірісті дамыту, сонымен қатар өндірілген өнімнің экспортын ұлғайту. Сондықтан бажды енгізудің арқасында май өндіріп, экспортқа шығара бастады. Осы мәселені ведомстоаралық комиссияның аясында тағы қарастыратын боламыз. Шешімді жұмыс тобы қабылдайды. Ол топта барлық мемлекеттік органдардың, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бар, – дейді ол.

Төребаев екінші рет қойылған сұраққа бұл мәселемен Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысатынын айтып, жауап берді. Ал “Сауда және интеграция министрлігі кімді қолдайды?” деген сұраққа Төребаев «біз екі жақты да қолдаймыз» деп жауап берді. Фермерлердің “енді күнбағыс өсірмейміз” деген уәжіне былай дейді.

– Сіз экспортқа қараңызшы, май экспорты 60 пайызға өсті. Ол жақсы ма, жаман ба? Ең негізгі мәселе, бұл жерде отандық экспорттаушы және өндіруші компаниялар, күнбағыс өсірушілердің қарым-қатынасын дұрыстау керек.