×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тексеріс жүріп жатыр – Шәріпханов экс-министр Ильиннен "мұраға қалған" проблемалар жайлы

19.10.2023, 13:42
Тексеріс жүріп жатыр – Шәріпханов экс-министр Ильиннен "мұраға қалған" проблемалар жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұрынғы министр Юрий Ильин кеткеннен кейін ведомствода жүргізіліп жатқан тексерулер туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері Сырым Шәріпхановтан Юрий Ильиннің министрлікті қандай жағдайда қалдырып кеткені және елеулі тексерулер мен құқық қорғау органдарының араласуын талап ететін проблемалық мәселелер бар-жоғы туралы сұрады.

"Проблемасыз болмайды, әрине, бірақ жүйелік проблемалар жоқ. Барлығын қысқа мерзімде тексеру мүмкін емес. Тексеріс жүріп жатыр. Бізде есеп комитеті өзінің жоспарлы режимінде жұмыс істейді, Бас прокуратураның, әскери прокуратураның бөлімшелері, біздің мемлекеттік аудит жүйесі жұмыс істейді. Ескертулер, олқылықтар бар, бірақ біз осымен жұмыс істеп жатырмыз", – деп жауап берді ТЖМ басшысы.

Шәріпхановтың айтуынша, ведомстводағы тексерулердің бір бөлігі ТЖМ ішкі мемлекеттік аудитінің жеке өтініші бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар ТЖМ атына қалдырылған азаматтардың шағымдарын зерттейді.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” резерваты аумағында өрт тұтанды. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, оның орнына Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Антикор мәліметінше, төтенше жағдай министрлігінде жемқорлықтың 70%-ын бөлімше басшылары жасаған. Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі.