×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бұдан да нашар болар еді – вице-министр ұлттық парктердегі қарқынды құрылыс жайлы

20.10.2023, 18:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік инфрақұрылымды дамыту елдің ұлттық парктеріне оң ықпал ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ulysmedia тілшісі туризмнің дамуынан елдің ұлттық парктерінің табиғаты неге қатты зардап шегетінін сұрады. Атап айтқанда, жүздеген мың туристер жиналатын Алматы облысының табиғи саябақтарындағы экология көңіл көншітпей тұр. Бұл ретте жергілікті кәсіпкерлерге бизнестерін дөңгелетуге еркіндік берілген. Бірақ мемлекеттік органдардың ешқайсысы ұлттық парктер табиғатына қандай жүктеме түсетінін бақыламайды.

Еркінбаев соңғы 2 жылда ерекше қорғалатын аумақтарда, ұлттық парктерде келушілер санының екі есе өскенін атап өтті.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 млн адам ұлттық парктерге барды, бұл ресми статистикаға енгені. Біз бұл өсіммен алысқа бармаймыз. Егер ұлттық парктерде біз туристік инфрақұрылымды дамытпасақ, онда антропогендік факторлардың зияны одан да күшті болады", – деді вице-министр.

Ол 2019 жылы Қазақстан билігі инвесторларды ұлттық парктерде визит-орталықтар салуға шақыруға шешім қабылдағанын атап өтті. Ержан Еркінбаев Алматы облысында алты визит-орталықтың құрылысына 6 млрд теңге салған инвесторды мысалға келтірді. Вице-министрдің айтуынша, онда жүйелі тәртіп орнатылған.

"Бұл монополия емес, конкурстар мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрады және кез келген инвестор экологиялық нормалар мен заңнамаға сәйкес өз объектілерін сала алады. Мен барлық дерлік ұлттық парктерде болдым және визит-орталықтары бар жерлерде маршруттар таңбаланғанын, туристер экологиялық талаптарды орындайтынын, көліктер тұрақтарға дұрыс қойылатынын көремін", - деді ол.

Ержан Еркінбаев туризм министрлігі биоәртүрлілік пен жануарлар әлеміне зиян келтіретін туристік инфрақұрылым құрмайтынын атап өтті. Мұны экологтар мен зоологтар бақылайды. Сонымен бірге вице-министр 2019 жылға дейін көптеген ұлттық парктер аумағында бей-берекет құрылыс жүргізілгенін және қазір өткен жылдардағы қателерді түзету жұмыстары жүргізіліп жатқанын мойындады.

Серіктес жаңалықтары