×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Павлодарда лай судан қалған тұнбадан тыңайтқыш жасау көзделуде

18.10.2021, 18:21
Фото: ашық дереккөз

«Павлодар-Водоканал» ЖШС атқарушы директоры Анатолий Моисей қаладан қайтып келетін канализациялық суды өңдеу технологиясымен таныстырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, биыл кәсіпорында инвестбағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – қалалық су тазарту құрылыстарының №1 лай картасы. Бұл лай судың топырақ пен жер асты суларын ластауды болдырмайды.

«Қаладан келетін кір су тазарту құрылыстарынан өтіп, механикалық өңдеуден кейін осы жерге құйылады. Одан кейін біз құрғатушы флаколянт қосып, суды лай картасында тұндырамыз. Бөлінген суды қайта өңдеуге жібереміз, ал тұнба әбден құрғағанда полигонға шығарамыз», - дейді Анатолий Моисей.

Сусыздандыру цехі іске қосылғаннан кейін «Павлодар-Водоканал» ЖШС аталған тұнбаны ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқышқа айналдыруды көздеуде.

«Тұнбаны тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Егер кәсіпкерлер қызығушылық білдірсе, экологтармен келіскеннен соң, тұнбаны тегін үлестіруге дайынбыз. Ол брикет болмаса гранула түрінде болатыны әзірше белгісіз», - дейді Анатолий Моисей.

Айта кетейік,инфестициялық жобалар аясында одан бөлек құрал-жабдықтарды модернизациялау, ғимараттардың күрделі жөндеуі мен арнайы техниканы жаңарту жүргізілуде. Осы күнге инвестбағдарлама 340,5 млн сомасына орындалды, 3,4 шақырым желі ауыстырылды.  

Серіктес жаңалықтары