×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Оралда дәмханадан өрт шығып, бес адам зардап шекті

22.10.2023, 12:33
Фото: Ашық дереккөз

Орал қаласында дәмханадан өрт шығып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД анықтағандай, кафенің ас үй құрылғылары мен бензин генераторы өртенген.

Өрт 21 қазан күні сағат 22:00 шамасында Зачаганск ауылындағы Мөңкеұлы көшесіндегі «Арбат» банкет залында болған.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеменің асханасында ас үй құрылғылары мен бензин генераторы жанып кеткен. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Өрт салдарынан бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Өрт 22:46-да толығымен сөндірілді.

Оқиға орнында 49 өрт сөндіруші мен 15 техника жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары