×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы облысында сатушы дүкенде жанжал шығарған адамды өлтірді

18.10.2021, 20:26
Алматы облысында сатушы дүкенде жанжал шығарған адамды өлтірді
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының полицейлері мас адамды өлтірді деген күдікпен дүкен сатушысын ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 10:00 шамасында Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тұрар кентінің 54 жастағы тұрғынының жеке басын анықталып, одан кейін Жібек жолы кентінің 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

Дүкен сатушысы бастапқыда ештеңені мойындамаған. Дәлелдерді көрсеткеннен кейін ғана кісі өлтіргенін мойындап, дүкенге келген адамды өлтірген пышақты берді. 

Күдіктінің айтуынша, ол дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

«Дүкенге мас күйде келген сатып алушы жанжал шығарған. Жанжал кезінде сатушы оның кеудесінен пышақпен ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.