×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Күмәнді тендерлер мен шетелдік несиелер: Алатыны көп KEGOC-тың табысы неге аз

25.10.2023, 10:55
Фото: Ulysmedia.kz

Алматыда «KEGOC» АҚ қаржы және бухгалтерлік есеп жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаеваның қатысуымен компания акцияларын қор нарығында қосымша орналастыру тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Десе де «KEGOC» АҚ-қа сұрақтар көп, сондықтан жиынға Ulysmedia.kz тілшісі де қатысты.

“Жетпесе қарыз ал”

Қазақстанның энергетикалық нарығы алпауытының несиелері мен пайдасы туралы компанияның қаржыгерлерінен тікелей сұрау мүмкіндігі туа бермейді.

Мәселен, Қазақстанның БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін нығайту жобаларын қаржыландыру Азия даму банкі арқылы жүзеге асырылатыны белгілі болды.

Бұл ретте KEGOC-тың көптеген ірі жобасы шетел банктерінің, соның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелерін тарту есебінен қаржыландырылды. Кейбір мысалдарды келтіріп көрсек:

  • электр станцияларын жаңғырту;
  • АЭС жаңғырту, екінші кезең;
  • VL-220 TSGPP-Осакаровка;
  • Солтүстік-Оңтүстік электр желісі-500 және басқалары.

Теңгенің құнсыздануы валюталық несиелерді қайта қаржыландырудың қиын шарттарына және «KEGOC» АҚ тарифтерінің айтарлықтай өсуіне әкелгені анық: 2015 жылы тарифтер өсімі бір жылда 51,5%-ды құрады, ал 2013-2018 жылдар аралығындағы өсім қазірдің өзінде 95 пайызға жетіп тұр.

Осы орайда біз Айгүл Әкімбаевадан “Бұл қаржыландыру тетігі қаншалықты орынды және жаңа жобалар шетел валютасымен қаржыландырыла ма?” деп сұрадық.

– Біріншіден, Солтүстік-Оңтүстік желісін салуға алған несиелеріміз туралы айтайын. Бүгінгі таңда компанияның несие құрылымындағы 157 миллиард теңгенің 5 миллиард теңгесі ғана шетел валютасынан қалып тұр. Яғни, қалған несиелердің барлығы өтелді. Одан өзге несиелеріміз теңгеде. Енді Оңтүстікті нығайту жобасына көшетін болсақ, іс жүзінде бұл жобаны Азия даму банкінің несиесі арқылы қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Бірақ несие теңгемен беріледі. Сондай-ақ оның құнын төмендету үшін біз Қазақстан Даму банкін жеңілдік мөлшерлемесімен тартып жатырмыз. СПО-дан алатын ақшамыз да осы жобаны қаржыландыруға жұмсалады. Сондықтан, жалпы жобамыз қаржыландыру көздерімен қамтылған және барлық көздер теңгемен береді, - деп жауап берді Әкімбаева.

Әкімбаева валюталық несиелер арқылы ірі салалық жобаларды қаржыландырудағы бұрынғы сәтсіздіктерге назар аудармағанын және Қазақстан тұтынушылары үшін тарифтердің өсуіне не себеп болғанын түсіндірмегенін айта кеткен жөн.

Ескі сүрлеу жаңа даңғылға жалғаспай тұр

Қымбат валюталық несие арқылы қаржыландырылған жоғарыда аталған жобалардың көбісі ақырында «Промстрой-Энерго», «Сәтті жол», «Жерсу» сияқты мердігер компанияларға бұйырғанын айта кетейік. Олардың барлығы бұрынғы энергетика министрі Бозымбаевтың жақын досы Бауыржан Оспановпен байланысты бір топтың мүшелері.

Бауржан Оспанов/Forbes

Мұның бәрі ақшаны ұлттық компаниядан әдейі қымбаттаған жобалар бойынша алуға болады деп болжауға негіз береді.

Сондықтан біз тағы бір сауалдың шетін шығарып, компания өкілінен жауап алуға тырыстық.

– Бұл ашық емес әрекеттер ескі Қазақстан кезінде әдеттегідей шаруа болды делік, онда жаңа Қазақстанда жаңа ірі жүйелік маңызы бар жобалар жасанды тендерлер арқылы өткізіліп, сол қолдарға берілетін тұйық схема неге жалғасып отыр?

- Сол аяқталған жобалар үшін... Олардың барлығы жобалық менеджмент аясында жүзеге асырылды. Әрқайсысы мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама аясында жүргізілді. Сондықтан барлық материалдар мен қызметтердің құнын мемлекеттік органдар реттейді. Қазіргі жобаға келсек, тендер арқылы мердігерлерді тарттық. Белгіленген техникалық негізде компанияларға, мердігерлерге қойылатын талаптар таңдалды, - деп қысқаша қайырды Әкімбаева.

Біз «KEGOC» АҚ акцияларының табыстылығына қатысты жағдайды анықтауды да сұрадық. Инфляция мен теңгенің құнсыздануына байланысты бұл акциялар бірінші күннен бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін инвесторларға теңгемен ешқандай кіріс әкелген жоқ деген пікір бар.

– Шындығында, бұл кезеңде девальвациялар мен құнсыздану болды. Бірақ бұл кезеңде валюта бағамы шамамен 300 пайызға өсті деп есептейміз. Біз акциямыздың табыстылығы. Ал бүгінде ол 400 пайызды құрап отыр. Егер сіз сол кезде бағалы қағаздарды инвестициялаған болсаңыз, бүгінде де қайтарым аласыз. 9 жыл бойына жылына екі рет дивиденд төленді. Егер доллардың ағымдағы бағамын емес, валютаны сатып алуға болатын сәтті есепке алатын болсақ, онда құнсызданған бағам мен бағалы қағаздардың кірістілігі арасындағы айырмашылық бұдан да көп болар еді, - деді Әкімбаева.

Табыс қайда?

Дегенмен, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, «KEGOC» АҚ акцияларының бағасы ашық нарыққа орналастырудың бүкіл кезеңінде инвесторларға әлі де табыс әкелген жоқ. Ашық дереккөздегі сандардан инвесторлар күткен пайданы ала алмағаны аңғарылады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы инфляцияны ескерсек, бір жыл ішінде ол екі таңбалы сандарды құраса, соңында «KEGOC» АҚ өкілдері жариялаған деректер тек номиналды болып шықты.

Еске салайық, «KEGOC» АҚ Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр желісінің активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады.

Наби Айтжанов

3 шілдеде сыртқы желілерден электр энергиясының көптеп жоғалуына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғылары апат салдарынан тоқтады. Дәл сол күні кешке зауыттың электр қуаты толығымен сөніп қалды. Бұған МАЭК-тегі апат себеп болды. Кейін үкімет «МАЭК» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «KEGOC» компанияларының бірқатар басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік шара қолдануға уәде берді. Ал Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ бірінші басшысының орынбасары мерзімін өткізіп алғаны үшін жазаланғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары