Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың немере інісі Әбілхан Боранбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оған қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі (пара беру) бойынша айып тағылған.
Сотта анықталғандай, Боранбаев аға жедел уәкілі Дәурен Қазбек пен Ш.-ға (тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды) жалпы сомасы 1,6 млн теңгеден астам пара берген.
Қазбек және Ш. адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы пара алып, қамауға алынған Боранбаевқа мобильді байланыс, кездесулер, туған күнін алкогольді ішімдіктерді қолдану арқылы тойлау үшін басқа адамдармен байланысқа түсуіне заңсыз мүмкіндік берген.
Мемлекеттік айыптаушы Боранбаевты 4 жыл 6 ай мерзімге, ал сотталушыға Қазбекті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап екі сотталушыға айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.
Сот Әбілхан Боранбаевтың 4 жастағы баласының болуын, кінәсін мойындауын, өкінуін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларын әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін, ал Дәурен Қазбектің 3 жастағы баласының болуын, кінәсін мойындауын және өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды, - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен Әбілхан Боранбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Дәурен Қазбек мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Боранбаевтан мемлекет кірісіне:
Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақүйді тапсырды, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды және өзінің меншігіндегі сауда орталығы мен фитнес желісін мемлекет меншігіне өткізді.
Бұдан бөлек, кәсіпкердің жалпы құны 58 млрд теңге болатын кен орны, зауыты пен компаниясы мемлекетке өтті.
20 қарашада Боранбаевтың түрмедегі жазасы бас бостандығын шектеуге алмастырылғаны белгілі болды.Сотталушы пробациялық бақылауда болады.