×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы иелері мемлекетке 5,5 млрд теңге төлеуге міндеттелді

26.10.2023, 11:04
фото: ашық дереккөзден

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан.

Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Бұдан бұрын ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсеткен. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын Риддер қаласындағы ЖЭО-ны әкімдіктің коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары