×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

4,1 млрд теңге залал: Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары тергеліп жатыр

24.10.2023, 09:31
фото: ашық дереккөзден

Алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша,  олар алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді.
 
Тергеу барысында ЖЭО жабдықтарының тозуы және жылу энергиясын берудегі бірнеше рет істен шығуына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі түрде ұрлануы себеп болғаны анықталды.

2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған.

“Тергеу барысында қабылданған шаралар мен ҚР премьер-министрінің төрағалығымен Үкіметті демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беруден келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етті, оның құны шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсетті. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын Риддер қаласындағы ЖЭО-ны әкімдіктің коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

Жылу электр орталығы шілдеде аманаттық депутат Әміржан Нәбиевтің меншігіне өткен. Ол нысанның барлық қарыздарын өз қаражаты есебінен жабуға уәде берген болатын.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтуынша, жылу электр орталығының инвесторы нысанды мемлекетке 1 теңгеге берген.

Серіктес жаңалықтары