×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шымкентте бюджеттің 36 млн теңгесі талан-таражға түскен

27.10.2023, 10:42
Шымкентте бюджеттің 36 млн теңгесі талан-таражға түскен
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбекші аудандық прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың 11 наурызында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен ЖШС арасында «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» бойынша келісімшарт жасалған.

Сонымен бірге 2021-2023 жылдары әкім аппараты мен аталған серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 млн. теңгені құрайтын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген.

Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған.  

“Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 млн теңгені құраған. Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент шенеуніктері жылу желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқырғаны анықталған.