×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Шымкент шенеуніктері жылу желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңгені жымқырған

02.10.2023, 10:07
Depositphotos

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.

“Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда жер қатынастары басқармасының экс-басшысы ұсталған. Оған инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

Серіктес жаңалықтары