×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Газа секторындағы қақтығыс: үкімет Египетке тур сатып алған қазақстандықтарға жүгінді

27.10.2023, 13:40
фото: ашық дереккөзден

ҚР Туризм және спорт министрлігі Таяу Шығыстағы соғыс Египетте демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді алаңдатып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне Қазақстан Республикасының азаматтарынан Египет курорттарындағы демалысқа қатысты көптеген өтініштер келіп түсуде. Өздеріңіз білетіндей, Египет аумағы қазір әскери қақтығыс болып жатқан Израильмен шектеседі. Сонымен, қарулы қақтығыс Египетке жақын арада демалуды жоспарлаған туристерді алаңдатуда. Өз кезегінде туристер баламалы нұсқаларға келіспеген жағдайда алдын ала туристік компанияға қаражатты қайтаруды сұрап жүгінуге және сапардан бас тартуға құқылы екендігін хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Бұл жағдайда туристік компаниялар ҚР заңнамасына сәйкес, қаражатты қайтару кезінде турларды ұйымдастыруға байланысты нақты шеккен шығындарын ұстауға құқылы екені атап өтілген.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері бүкіл әлем Таяу Шығыстағы соғысқа көз тігіп отыр. ХАМАС пен Израильдің қақтығысынан мыңдаған бала құрбан болды. Газа секторының бейбіт тұрғындары қырылды, үй-күйсіз қалды. Израиль соғыстың бірнеше айға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

16 қазандағы брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында Қазақстанның 67 азаматы, олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам табылғанын мәлім еткен.

26 қазанда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, еліміздің дипломатиялық өкілдігі Газа секторындағы қазақстандықтармен байланыста. Омаров қақтығыс аймағынан азаматтарды шығарудың жалғыз жолы бар екенін айтты –  Газада және ішінара Египет аумағында орналасқан Рафах қаласы арқылы. Алайда қазір қала арқылы шетелдіктердің ешқайсысын шығарып жатқан жоқ.

Серіктес жаңалықтары