×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ертең - Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

28.10.2023, 12:55
Ертең - Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні
Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Айта кетейік, «Қазақстан» кенішінде («АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі) жақында болған қайғылы оқиғадан бері небәрі 2 ай өтті.

Жақында «Қазақстан» кенішіндегі өрттен кейінгі кеншілердің қазасына басшылықтың 100% кінәлі екені белгілі болды.

АМТ кәсіпорындарындағы өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың барлық шектен шыққан статистикасы интернет қолданушылардың ғана емес, мемлекет басшысынан бастап шенеуніктердің де наразылығын тудырды. 

23 сәуірде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгері Ирина Эм өлтірілгені белгілі болды. Оның зорлық-зомбылық белгілері бар денесін шақыртуға келген Шахтинск қаласының өрт сөндірушілері тапты. Ulysmedia.kz тілшісі бұл оқиғаның өндіріспен байланысты екенін анықтады.

Бұған дейін ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ иелігін өзгерту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.