×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Атырауда ақбөкен етін сату туралы хабарландырулар пайда болды

29.10.2023, 17:18
Фото: Ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкенді аулау шарттарын жариялаған бойда Қазнетте ақбөкен етінің келісін 1500 теңгеден сату туралы хабарландырулар пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ, Атырау облысында диеталық ет сатылымға шығарылып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы саудалануда.

Саудагерлердің айтуынша, «тауарлар» Батыс Қазақстан облысының даласынан әкелініп жатыр. Етті жеткізу арқылы да тапсырыс беруге болады, деп жазады «Мой город».

«Бүкіл дала ақбөкеннің қанына боялған, оның еті шашылып жатыр. Барлығын жинақы әрі мұқият ұйымдастыруға болатын еді. Ол үшін аңшыларға нақты тапсырма берілуі тиіс», – дейді Батыс Қазақстан облысындағы аңшылар қоғамының мүшесі Ерік Ботақанов.

Журналистер бұл арада жергілікті базарларда ақбөкен етінің сатылып жатпағанын алға тартты. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде Ақмола облысынан түсірілген видео пайда болған, онда көліктің артқы жағында атылған киіктердің 40 өлексесі көрсетілген.

Бұған дейін Қазақстанда киіктерді аулау мерзімі анықталғаны мәлімдеген болатын.

Экология министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы киіктердің саны аулау және ату арқылы реттелетінін айтқан.

Өткен айдың аяғында Қазақстанда киіктердің атылмайтыны жарияланды. Алайда кейін министр елде қазірдің өзінде 90 киік ұсталғанын атап өтті.

«Киік санын реттеу үшін ату да қолданылады деп шештік. Биологиялық негіздемеге сәйкес популяцияны бақылаудың екі түрі ұсынылады. Біріншісі - қора әдісі: торларды орнату... бұл әдетте күндізгі уақытта жүзеге асырылады. Екіншісі - түнде түсіру. Біз бірінші бағытты таңдадық, бірақ ауа райы жағдайына және тиімді көлік нұсқаларының болмауына байланысты кейін екінші әдісті жоспарладық», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық эколог белсенді киіктерді сақтаудың жеті маңызды факторын атаған болатын.

Сондай-ақ экологиялық белсенді Сәкен Ділдахмет «Охотзоопром» инспекторлары мен аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекцияларының ерен еңбегінің арқасында киіктердің саны өсіп келе жатқанын жазды. Сонымен бірге, оның айтуынша, киіктерді ең қорқынышты вирус – жемқорлық қырып жатыр.

1996 жылы ақбөкен Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанның Қызыл кітабына енбеген, бірақ қазір аң аулауға мүлдем тыйым салынған түрге жатады. Демек, заң тұрғысынан оны заңсыз жасағаны үшін жауапкершілік «Қызыл кітаптардағы» жауапкершілікпен бірдей.

Серіктес жаңалықтары