×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бұйрыққа қол қойылды: экология министрлігі киіктерді атуға кіріспек

26.09.2023, 10:16
uralskweek.kz

Ақбөкендер Қазақстанда реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрық бойынша саны реттелуге жататын жануарлардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Ақбөкендерден басқа, тізімге қасқырлар, шибөрілер, қарғалар, үлкен корморанттар, жыланбас балықтар енді.

Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттеледі.

Бұйрық 2023 жылғы 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 2022 жылы экология министрі Серікқали Брекешев ақбөкендер фермерлердің егінін таптап жатыр деп мәлімдеген еді. Содан кейін ведомство «жануарлар санын реттеу шеңберінде» 80 мың ақбөкенді ату туралы шешім қабылдаған.

Бұл шешім қоғамның біршама сыны мен наразылығын туғызып, қазақстандықтар экология министрлігінің жоспарына қарсы петицияға қол қойды. Ақыры, іске президент араласып, министрге сөгіс жариялап, бастаманы тоқтатты.

Бұдан бұрын экология министрлігі қоғамның қарсылығы мен президенттің ескертуіне қарамастан, киік атуды заңдастырылатынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары