×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақмолада 40 бас киік өлексесінің тасымалдануы: полиция тексеруге кірісті

27.10.2023, 10:10
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қырылған киіктердің өлекселері түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция мәліметінше, жануарлардың өлексесі тиелген көлік 23 қазанда Астана-Қорғалжын тас жолында тоқтатылған. 40 ақбөкен өлексесін тасымалдауға қатысты тексеру жүргізілуде. 

“Алғашқы тергеу барысында өлекселерді Сабынды ауылында орналасқан "Астана Агропродукт" ет комбинатының жүргізушісі алып кеткен. Тасымалдаушылар шот-фактуралардың түпнұсқасын және "Охотзоопром" ӨБ РМК  мен "Астана Агропродукт" ЖШС арасында жасалған тауарды сату/жеткізу шартының электрондық көшірмесін көрсетті", - делінген хабарламада.

Ақмола облысында ақбөкен популяциясын реттеу туралы Үкіметтің №688 қаулысы да бар.

"Ақбөкен өлекселерін тасымалдау фактісі Целиноград аудандық ІІБ-нің ақпараттық кітабына тіркелген. Тексеру материалдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке ветеринариялық инспекцияға жолданды", - деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда киіктерді аулау мерзімдері белгіленгені хабарланған.

Жуырда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткенін мәлімдеген.

Оның дерегінше, 2003 жылы киік саны бар-жоғы 21 мың болды.

«Ал 1993 жылы 1 млн 200 мың бас бар еді. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында киік саны 1 млн 900 басқа жетті. Мұның ішіне биылғы көктемгі төлін қоспадық. Жалпы, киік – өсімтал мал. Келесі көктемде санақ өтеді. Бірақ қазірдің өзінде ең төменгі 30 пайыздық болжамды алғанның өзінде бүгінде 600 мың бас киік қосылып отыр. Бүгінде киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады», - деді ол.

Ерлан Нысанбаев киіктерді түнгі уақытта ату көзделіп отырғанын айтты. Министрдің айтуынша, ақбөкендер ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелген.

Қазақстандық зооқорғаушылар айтынша, елімізде киіктерді ату науқаны басталғалы ақбөкендер Батыс Қазақстан облысынан Ресей аумағына үдере көшіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары