×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда Хизб-ут-Тахрир ұйымының жақтаушысы ұсталды

30.10.2023, 13:42
ҚР ІІМ

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам Қазақстан Республикасында тыйым салынған “Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами” діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы болып шықты.

Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған “ДАИШ” халықаралық террористік ұйымы идеологиясының жақтаушысы болып табылады.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

“Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі “Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлытауда ИГИЛ содыры сотталған. Ол жергілікті тұрғындарға қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырғаны мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады. 

Серіктес жаңалықтары