×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстандықтардың дербес деректерін ұрлаған 8 Telegram-боттың қызметі бұғатталды

30.10.2023, 17:13
әлеуметтік желіден

Ел азаматтарының дербес деректеріне қол сұққан 8 Telegram-боттың қызметі бұғатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 28 қазанында азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген Telegram-боттың қызметі тоқтатылды.

“Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз”, – делінген хабарламада.

Министрлік Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, бұдан бұрын министр Мусин Қазнетке минутына мыңдаған DDoS-шабуыл жасалатынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары