×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан 2 млн тоннаға жуық болат экспорттады: «АрселорМиттал Теміртаудың» үлесі қандай

01.11.2023, 08:46
фото: ашық дереккөзден

2023 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан 1,9 млн тонна болат өнімдерін экспорттады. Сарапшылар болат өнімінің шетелге экспортынан түсетін табыстың шамамен 70% "АрселорМиттал Теміртаудың" үлесі екенін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті талдаушыларының деректері бойынша, 8 айда Қазақстан болат өнімінің экспортынан 1,23 млрд АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Негізгі импорттаушы Ресейдің үлесі – 55%, солтүстіктегі көршіміз 692,1 миллион долларға 1 миллион тонна өнім сатып алған. Сондай-ақ, қазақстандық шикізатқа сұраныс бойынша көшбасшылар қатарына Өзбекстан – 631,8 мың тонна (367,5 млн доллар) және Тәжікстан – 100 мың тонна (59,5 млн доллар) кірді. Ал Қытай жыл басынан бері шамамен 10,4 млн АҚШ долларына 24,5 мың тонна болат сатып алды.

Сондай-ақ, сарапшылар болат өнімдерінің шетелге экспортынан түсетін табыстың 70%-ы Қазақстан тарихындағы “ең нашар компания" – "АрселорМитталТеміртаудың" үлесі екенін атап өтті. Компания іс жүзінде монополист болғандықтан, барлық кіріс оның өз қалтасына түседі. "Болат алпауыты" сондай-ақ, металдарды ішкі нарыққа сатудан, көмір концентраты мен темір рудасын, шойын, кокс экспортынан қомақты табыс табады. Бұл деректер ҚР Қаржы министрлігінің сайтындағы аудиторлық есепте жарияланды.

ҚР ҚМ МКК деректері бойынша, 2021 жыл болат өнімінің экспорты бойынша ең табысты жыл болды. 2 жыл бұрын Қазақстан 2,99 млн тонна шикізат сатты, одан 2,39 млрд доллар табыс тапты. Өткен жылы болат өнімі шамамен 2,05 млрд (2,83 млн тонна) долларға сатылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үнді миллиардері Лакшми Миталлдың орнына басқа шетелдік инвестор келмейтініне сендірген.

Серіктес жаңалықтары