×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Белсенді Марат Жыланбаев өз аузын тігіп тастады

02.11.2023, 17:04
Белсенді Марат Жыланбаев өз аузын тігіп тастады
Бибігүл Иманғалиеваның парақшасынан

Ол өзіне қатысты сот процесінің жабық өткізілуіне наразылықты осылай білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«1 қарашада сотталушы Жыланбаев өз аузын жіппен тігіп тастап, тамақ ішуден бас тартты. Ол Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы сот отырысының жабық өткізілуімен келіспейтінін білдірді. Мекеме әкімшілігіне еш шағымы жоқ», - делінген ҚАЖД хабарламасында.

Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін Марат Жыланбаев аузындағы тігісті алып тастаған. 

ҚАЖД сотталушының денсаулығына шағымы жоқтығын хабарлайды. Белсендінің жағдайы қалыпты екенін, оның қосымша тексеріс пен дәрігер-мамандар кеңесінен бас тартқанын жеткізеді.

Еске сала кетейік, билікті қатаң сынап, бейбіт акцияларға шыққан спортшы әрі белсенді Марат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" және "экстремистік ұйымды қаржыландыру" бабы бойынша күдікке ілініп, мамыр айында қамалған еді. Белсенді өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Құқық қорғаушылар қауымдастығы оны “саяси тұтқын” деп таныды. Жыланбаев биыл кезектен тыс парламент сайлауына депутаттықтан үміткер ретінде тіркелген. Бірақ кандидаттар қатарынан шығып қалған.

Марат Жыланбаевпен соты қатар өтіп жатқан экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ісі де жабық режимде өтетін болды.