×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Aerosmith әншісі Стивен Тайлер сексуалдық зорлық жасады деп айыпталды

04.11.2023, 13:46
GETTY IMAGES

Бұл Стивен Тайлерге тағылған алғашқы айып емес. Жанна Беллиноның Тайлерге қарсы арызында 1975 жылы 17 жасында Aerosmith әншісі оған екі рет шабуыл жасағаны айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС жазуынша, шағымды Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотына Жанна Беллино берген.

Құжатта оның Манхэттенде модель болып жұмыс істеп жүргенінде досы сән көрсетілімінен кейін рок-топпен кездесуге шақырғаны айтылады. Сол күні Тайлер оған екі рет жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.

Бірінші оқиға телефон дүңгіршегінде болса, екіншісі қонақ үй барында орын алған.

Жанна Беллиноның айтуынша, ол «ауыр да қиын эмоционалды күйзелісті» бастан кешірген.

Тайлер әзірге модельдің таққан айыптары мен оған қарсы сотқа шағым түсірген жоқ.

Бұған дейін Тайлерге Джулия Мисли есімді тағы бір әйел осындай айып таққан. Оның айтуынша, Тайлер онымен жасөспірім кезінде заңсыз жыныстық қатынаста болған.

 

Оның сотқа берген арызында Тайлер ойын-сауық жұлдызы ретіндегі мәртебесін «қанау және жыныстық зорлық-зомбылық жасау» үшін пайдаланғаны айтылған.

Aerosmith әншісі тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары