×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астаналықтардың салық берешегі 2 млрд теңгеге жетті

05.11.2023, 09:30
Фото: Ашық дереккөз

Борышкерлердің негізгі бөлігін көлік салығын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер құрайды. Жалпы тізімде 60 мыңнан астам адам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер департаменті бұл соманың жылдар бойы жинақталғанын атап өтті. Ал төлемақы төлеушілерге түрлі шаралар қолданылғанымен: мүлкі мен банктік шоттарына тыйым салып, елден тыс сапарға шығуды шектесе де, қарыздың жалпы сомасы азаймай тұр.

«Өткен жылдың соңында 47 мың салық төлеуші ​​1,8 млрд теңге қарыз болды. Бүгінгі күні бізде 61 мың салық төлеушіміз бар, олардың қарызы 2 миллиард 200 мыңды құрайды. Шетелге көшіп кеткен салық төлеушілер бар, бірақ қарызы қалды. Оларға тек қайтып оралған соң ғана шара қолданылады, сондықтан олар жылдан-жылға осындай санаттарға ауысып отырады», - дейді Астана қалалық полиция департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бастығы Ерлан Бәкіров.

Серіктес жаңалықтары