×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Атырау облысында қызылша жұқтырғандар жиілеген, ауруханада орын жоқ

05.11.2023, 13:48
Фото: Ашық дереккөз

Қызылша ауруы жиілеген Атырау облысында науқас адамдарға арналған аурухана төсек-орындары жетіспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ATPress-ке сілтеме жасап.

Бұл қауіпті дертке шалдыққандар саны бойынша екінші орында тұрған облыста науқастарға қосымша төсек-орын қою шаралары жүргізілуде.

Биылғы жылдың басынан бері облыста қызылшамен ауырған 1400 жағдай тіркелсе, оның 90 пайызы он жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті.

“Қазіргі уақытта облыста 110 науқас бар, оларға ауруханаларда төсек-орындар жетіспейді, сондықтан қосымша төсек-орындар қою шаралары жүргізілуде”, - деді Жасұлан Бисембиев.

Аурудың таралуына қарсы тұру үшін өңірге тағы 40 мың доза вакцина әкелу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары