×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы облысындағы аудан әкімі сайлауындағы бақылаушы: Кіргеннен шыққан адам аз

05.11.2023, 14:39
Алматы облысындағы аудан әкімі сайлауындағы бақылаушы: Кіргеннен шыққан адам аз
Фото: Ulysmedia.kz, Участок №263

«Мұқалмас» РҚБ байқаушылары Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімін сайлауда біртүрлі жағдайларды байқады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл ауданы бойынша барлығы 75 сайлау учаскесі бар. «Мұқалмас» қоғамдық ұйымы аудан орталығы Ұзынағаш пен оған жақын орналасқан ауылдарды түгел қамтитын 17 учаскеде сайлау барысын қадағалап отыр.

Бақылаушылардың айтуынша, сағат 12:00-дегі жағдай мұндағы сайлаушылардың 11 пайызын құраған. Сайлау учаскесінің алдында орналасқан мобильді топ дауыс беруге бір-бірін танитын көпшіліктің, негізінен әйелдердің келгенін атап өтті. Бақылаушылар мұны ауыл тіршілігінің ерекшелігімен түсіндіретінін жоққа шығармайды.

«Біз біртүрлі тенденцияны байқадық: адамдар сайлау учаскелеріне аз санмен барады, бірақ, белгілі бір себептермен, сайып келгенде, кіргеннен гөрі көп адам шығады. Сондай-ақ ішкі бақылаушы санаған сайлаушылар мен біздегі сырттан санаған сайлаушылардың санында да айтарлықтай айырмашылық бар. Біраз бақылап отырып, төрағаға айтып, күдігімізді жеткіздік. Қазір сайлау учаскесінің алдында тыныштық орнады», – дейді бақылаушы Арайлым Назарова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 5 қарашада Қазақстанда алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру 17 аймақта өтеді. 164 кандидат қатысуда, оның 69-ы партиялардан, 95-і өзін-өзі ұсынғандар.