×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Ұялы телефонның жарылуынан мектеп оқушысы қаза тапты

19.10.2021, 20:21
Фото: ашық дереккөз

Вьетнамда ұялы телефонның жарылуынан оқушы қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

gazeta.ru-дың мәліметінше, оқиға онлайн сабақ кезінде болған. Ұялы телефон ол кезде тоққа сұғылып тұрған.

Ұялы телефон жарылған кезде баланың денесі қатты күйіп қалған. Ол үйде жалғыз болғандықтан, айғайды естіген көршілері көмекке келген. Олар зардап шегушіні ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлердің бар күшін салғанына қарамастан бала көз жұмды.

Вьетнамның Білім министрлігі осындай оқиға болғанын растады. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастаған, бірақ баланың отбасысы тексеру жұмыстарының жүргізілуіне қарсы.  

Серіктес жаңалықтары