×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шымкентте жүйке ауруларына шалдыққан мыңнан астам адам көлік жүргізген

06.11.2023, 16:41
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1268 адам анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.        

«2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған, көліктердің зақымдануы салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген», - делінген  хабарламада.

Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты, прокуратураның актісі бойынша бүгінгі күні сот шешімімен 37 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.        

Қалған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын ШҚО-да қызметтік көлікті мас күйде айдап, апатқа ұшыраған әкім қамауға алынған.

 

Серіктес жаңалықтары