×
$
448.61
€
503.83
₽
5.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.61
€
503.83
₽
5.48

Теңге екінші күн қатарынан нығайып келеді

Бүгін, 18:55
Теңге екінші күн қатарынан нығайып келеді
Freepic

22 қазанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар 0,21 теңге арзандады. Сағат 17:00-дегі орташа бағам 448,09 теңге болды. Ал еуро мен рубль қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биржадағы жағдай

Еуро 0,07 теңге қымбаттап, 503,19 теңгеге жетті. Рубльдің бағамы 0,0573 теңге өсіп, 5,5221 теңге болды. Юань 0,09 теңге қымбаттап, 67,22 теңге болды.

Доллармен жасалған сауда көлемі 446,18 млн доллар болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 35 млн долларға көп. Саудаға 30 қатысушы қатысты.

Айырбастау пункттеріндегі бағам

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 447,50-449,5 теңгеден сатып алынып, 450-451 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 503-504,5 теңгеден сатып алып, 506,5-508 теңгеден сатады. Рубльдің сатып алу бағамы 5,32-5,37 теңге, сату бағамы 5,39-5,5 теңге аралығында.

Астанада доллар 445 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 498 теңге, сату бағамы 508 теңге. Рубль 5,33 теңгеден сатып алынып, 5,53 теңгеден сатылып жатыр.